Индустриялық-инновациялық жобалардың үлкен қалаларда ғана емес, аудан орталықтары мен елді мекендерде іске асуы — шағын және орта бизнестің өсіп өркендеп келе жатқандығын көрсетеді. Міне, соның бір дәлелі – Диқан ауылдық округінде ашылған «ЕСКЕРМЕС» ЖК-нің автоматтандырылған кірпіш зауыты. Жаңа зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, сөз сөйледі.
-Отандық өнімдердің сапасы мен өнімділігін арттыру бағытында ауданымызда біраз жұмыстар атқарылуда. Міне, бүгін «Ескермес» кірпіш шығару өндірістік зауыты іске қосылып отыр. Бұл кірпіш зауытының ерекшелігі — өндіріс толық автоматтандырылған. Жаңа технологиялар өндіріс тиімділігін арттырып, өнім сапасын сапалы деңгейде сақтауға мүмкіндік береді. Жыл өткен сайын мемлекеттен бөлек, аудан халқының өзі де үй тұрғызып, баспана көтеріп жатқандар қатары өсе түсуде. Ендігі жерде аудан халқы өзімізде шығарылған кірпішті пайдаланып, отандық өнімді қолдайды деп сенемін. Кәсіпкердің алдағы жұмысына сәттілік, — деді аймақ басшысы.
Жаңа зауыт салтанатты түрде ашылған соң, өңір басшысы өндіріс орнын аралап, жұмыс процесімен танысып шықты.
Зауыттың құрылтайшысы Берік Жүсіповтің айтуынша, бұл жобаның құны 2,5 млрд. теңгені құраса, өз қаражатынан 1,0 млрд. теңге, инвесторлар тарапынан 1,5 млрд. теңге жұмсалған. Жалпы аумағы 25 га құрайтын өндіріс ошағында жылына 36 млн. дана кірпіш шығару күтілуде. Маусым кезеңінде – 10 — 15 адам, ал тұрақты — 3 адам жұмыспен қамтылады. Автоматтандырылған кірпіш шығару өндірістік жүйесі көршілес елден сатып алынып, іске қосылған. Күйдірілген кірпіш еліміз аумағындағы барлық өңірлерге экспортталады.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.
Алдыңғы