Мүлік салығы: нені білу керек және қашан төлеу керек?

0 6

«Салықты уақытында төлеу – азаматтық жауапкершіліктің белгісі»

Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жыл үшін мүлік салығын төлеу мерзімі биылғы жылдың 1-қазанына дейін аяқталатынын ескертеді. Бұл салық – жеке тұлғалардың иелігіндегі жылжымайтын мүлік пен жер учаскелеріне қатысты.

Салық қалай есептелінеді?

Жеке тұлғалардың салық салу объектілері бойынша салықты есептеуді салық органдары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және меншік құқығында иеленудің іс жүзіндегі мерзіміне қарай жүргізеді.

Салық төлеушілерге 2024 жыл үшін есептелген мүлік салығы туралы хабарламалар шілде айынан бастап жіберіледі. Сонымен қатар, екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы PUSH-хабарламалар таратылады. Бұл – салық туралы уақытылы хабар алып, оны кешіктірмей төлеуге мүмкіндік беретін қолайлы тәсіл.

Төлемді қалай жасауға болады?

Мүлік салығын төлеудің бірнеше ыңғайлы жолы қарастырылған:

  • e-Salyq Azamat мобильді қосымшасы;
  • Екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары;
  • egov.kz – «Электрондық үкімет» порталы;
  • Екінші деңгейдегі банктердің бөлімшелері мен төлем терминалдары;
  • Банкоматтар мен төлем терминалдары арқылы банк картасымен.

Уақытында төлемесеңіз не болады?

2025 жылдың 2-қазанынан бастап, салықты белгіленген мерзімге дейін төлемегендерге салық берешегі туралы ресми хабарлама жіберіледі. Мұндай жағдайда өсімпұл есептеліп, банктік шоттары бұғатталуы мүмкін.

 Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.