Тілсіз жауды тізгіндеуде жұмыстар жанданбақ

0 3

Өрт – аса қатерлі жау. Сон­дық­тан да, бұған бей-жай қарауға болмай­ды. Айтып келмейтін апаттардан сақтану да күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі. Сондықтан, қай кезде де тілсіз жауға тос­қау­ыл қажет.

Осы орайда, аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық мәслихат төрағасы Шаттық Мұсабеков, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов, қалалық алқабилер кеңесінің төрағасы Сағынбек Бегеев аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан аумағында соғылып жатқан өрт сөндіру және Саудакент ауылындағы 11 — ші өрт сөндіру бекеттерінің құрылыс жұмыстарына зерделеу жасады.

Бүгінде өрттің алдын алу мақсатында соғылып жатқан өрт сөндіру бекеттерінің жұмысы жоспарға сәйкес жүргізілуде. Аудан басшысы өз кезегінде жауапты тұлғаларға құрылысты уақытылы әрі сапалы аяқтауды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.