Бүгін Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов Жайылма ауылдық округіне қарасты Ақтам елді мекеніндегі су ұңғымасындағы судың шығу қысымы төмендеп кету мәселесі бойынша Жайылма ауылдық округіне қарасты Ақтам елді мекенін аралады.
Аралау барысында бірқатар мәселелер көтерілді. Аталған елді мекендегі ұңғымаға КБМ (комплексный блочный модуль) орнатылған. Ауыл тұрғындары ауыз суды КБМ арқылы пайдалануда. Сонымен қатар, елді мекендегі төрт түлік мал сол ұңғымадан суарылуда. Ауыл тұрғындарының айтуы бойынша су ұңғымасындағы судың шығу қысымы төмендеп кету себебі, «Қазфосфат» ЖШС тарапынан ағымдағы жылы жер асты су қорларын зерттеу мақсатында Жайылма ауылдық округіне қарасты Ақтам елді мекені аумағынан бірнеше артезиан құдықтарына бұрғылау жұмыстары жүргізілгендіктен су көздері азаюы басты себеп болуда.
Аудан басшысы осы мәселені анықтау мақсатында «Қазфосфат» ЖШС басшылығына байланысқа шығып, өзекті мәселені шешу жолдарын қарастырып, жаңадан су ұңғымасын қазып беру немесе ауыл іргесіндегі жаңадан қазылған су ұңғымасынан құбыр тарту жұмыстарын жүргізу керектігін айтты.
Компания өкілі жақын күнде бұл мәселенің шешімін тауып, тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді.