Байзақ ауданы аумағында жалпы 133,5 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 397,6 шақырымды құрайтын 407 елді мекен көшелері орналасқан. Бүгінде аудандық маңыздағы жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98%-ды, елді мекен көшелері 93%-ды құрайды.
Ағымдағы жылға «Ауыл — ел бесігі» жобасымен 38,4 шақырымды құрайтын 11 жоба іске асырылуда. Атап айтқанда, Жаңатұрмыс ауылдық округінде 10 көше (6,9 шақырым), Қосақ ауылында 5 көше (2,7 шқ), Бурыл ауылдық округінде 15 көше (15,2 шқ), Суханбаев ауылдық округінде 1,2 шқ жаяу жүргінші жолы, Ботамойнақ ауылдық округінде 10 көше,1 жаяу жүргінші жолы (7,9 шқ), Темірбек ауылдық округінде 5 көше (4,5 шқ) жөнделуде.
Айта кетейік, аудан бойынша жолдардың жалпы ұзындығы 736,17 шақырымды құраса, оның Республикалық маңызы бар – 49 шақырым, облыстық маңызы бар – 134 шақырым, аудандық маңызы бар – 133,54 шақырым және елді мекен көшелері – 397,63 шақырым.