АУЫЛ КЕШІ КӨҢІЛДІ: Мәдениет және өнер фестивалі Көкталда жалғасты

0 2

Байзақ ауданы әкімдігінің ұйытқы болуымен және әл — Фараби атындағы аудандық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ауыл кеші көңілді» атты ауылдық округтердің мәдениет күндері әр аптаның жұмасында өтуде. Бүгін Көктал ауылында Мырзатай мен Сазтерек
ауылдық округтері қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын дәріптеп, мәдениетін паш етті.
Қос округтің мәдениет күндері ұлттық салт-дәстүр “Тұсау кесерден” бастау алды. Гір тасын көтеру, қол күресі, 25 келі қант көтеру сынды ойындар дүйім жұрттың назарын аудартты.
Әрмен қарай жартылай тігілген киіз үйлерде ақжаулықты аналар ауылдың халық әндерін әуелете шырқай отырып, кілем тоқып, киізге түр салды. Өзге этнос өкілдері ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды. Әсіресе, ауылдық округтердің қолөнер шеберлері жасаған туындылар алуандығымен ерекшеленді.
Концеттік бағдарлама аясында қос округтің өнерпаздары ән шырқап, би билеп, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Жалпы бұл күні шырқалған әрбір ән көрермен жүрегінен жол тауып, көңіл көкжиегін жадыратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.