Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауында аграрлық ғылымды дамыту, ауыл шаруашылығына жаңа технологияларды енгізу, арнайы Агрохаб құру мәселесіне ерекше назар аударды. Президенттің осы тапсырмасына сәйкес Шерхан университетінде де ауқымды жұмыстар бар. Мәселен оқу орны алдағы уақытта агросалада жаңа технологияларды қолдану мен цифрландыруға қажетті мамандар тәрбиелеуге ден қоймақ.
Ашылғанына аз уақыт өтсе де Шерхантану Университеті қазір аймақтағы іргелі оқу орнына айналды. Мұндағы бакалавриат бойынша 38 білім бағдарламасы, магистратураның 24 білім бағдарламасы бар. Олардың ішінде агрономия, агрономия-экология, ветеринария, ветеринарлық санитария, ветеринарлық медицина, өсімдіктерді қорғау және карантин жұмыстарын жүргізу, биология-санитарлық эпидемиология, стандарттау, сертификаттау және сапаны бақылау салалары жетекші орын алады. Былтырғы оқу жылында «Орман шаруашылығы» мамандығы ашылған.
-Б ұ л мамандыққа облысымыздың орман шаруашылығы саласында қызмет етіп жүрген, бірақ арнайы білімі жоқ алғашқы 33 адам қабылданды. Бүгінде «Балық шаруашылығы» білім бағдарламасы бойынша лицензия алу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Яғни білім беру бағдарламалары аграрлық сектордың қажеттілігіне бейімделіп отыр. Бүгінде талап өзгерді. Университет тек білім ордасы емес, ғылым орталығы болу керек. Академиялық ғылыммен қатар университеттік ғылым дамып келеді. Президент Жолдауда «Қолданбалы ауыл шаруашылығы ғылымын жедел өркендетпейінше, агроөнеркәсіп кешенін ұзақ уақыт бойы қарқынды дамыту мүмкін емес. Ауыл шаруашылығы ғылымын дамытудың нақты жоспары керек. Бұл құжат цифрлық технологияларды қолдануға және осы саланың өнімділігін едәуір арттыруға арналған жоспар болуға тиіс» деді. Оның орындалуы ең алдымен осы саладағы кадрларға байланысты. Цифрландыру және жасанды интеллект даму заманында еңбек нарығындағы мамандықтар тез ескіреді. Бүгінгі мамандықтар 5-10 жылдан кейін қажеттігін жоғалтуы мүмкін. Себебі адамның орнына жасанды интеллект келеді. Мысалы, ауыл шаруашылығында келесі жаңа мамандықтар пайда болады: экотехнолог, цифрлық агроном, агродрон операторы, агроном-робототехник, биофермер, агроклиматолог, ауыл шаруашылығы стартап менеджері, генетикс елекционер, агро экотуризм маманы, топырақ микробиологы, органикалық өнім маманы, агромаркетолог. Университеттер оқу бағдарламаларын осы мамандарды даярлауға бейімдеу керек-дейді университет ректоры Махметғали Сарыбеков.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.