«Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі» демекші, қоршаған ортаның тазалығы, таза ауа, таза табиғи жаратылыстар адамзат өмірі үшін аса маңызды.
Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өңірлерде жалғасын тауып келеді. Осы орайда, бүгін «Сарыкемер-Тараз» бағытындағы автомобиль жолдары бойында өткізілген күзгі тазалық жұмыстары аудан тынысының кеңеюіне үлесін қосты.
Мекеме және бөлім мамандарының атсалысуымен өткен шара барысында жол бойындағы ретсіз өскен шөптерден, күл-қоқыстан тазарту, талдарды бұтау жұмыстары атқарылды. Арнайы техника жұмылдырылып, сенбілік нәтижесінде, жалпы көлемі 1,2 тоннаны құрайтын ағаш бұтақтары мен қоқыстар жинақталып, арнайы орынға шығарылды. Айта кетейік, үрдіске айналған сенбілік барысында аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен аудандық «Қазақтелеком» АҚ мекемесі белсене қатысып, тазалыққа өз үлестерін қосты.
Айта кету керек, әр сенбі сайын аудан орталығының әр аймағында, сонымен қатар, барлық ауылдық елді мекендерде тазалық жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Дегенмен, «Тазалық – мәдениеттіліктің өлшемі» деген қағиданы ұғынып, өзіміз тұратын үйге, оның айналасына, ауланың тазалығына мән берсеңіздер.
Мәдениеттілігімізді көрсететін тазалықтың адамзат баласы үшін орны ерекше. Туған жерімізді, оның ішінде қоғамдық жерлерде тазалық сақтау арқылы көпшіліктің ризашылығын алатынымызды естен шығармаған жөн. Ол үшін әрбіріміз осы тазалықтың төңірегінде жауапты екенімізді сезіну ғана жеткілікті. Сананың тазалығы арқылы айналаның тазалығына үлес қоса алатынымыз анық.
Sign in
Sign in
Recover your password.
A password will be e-mailed to you.