Жастар экологиялық мәдениетті қалыптасыру мәселесін талқылады

0 4

Жамбылдық жастар Тараз қаласындағы колледжде экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәселелерін талқылады. Осыған дейін олар тағылымды кездесулер өткізіп, экологиялық челлендждер ұйымдастырған.
.Жамбыл облысында биыл экологияны қорғау мен табиғатты аялауға бағытталған 1200-ден астам іс-шара ұйымдастырылды. Оған 32 мыңға жуық ерікті жас қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты
Жалпы жыл басынан бері облыс бойынша «Таза Қазақстан» акциясы кең көлемде жүзеге асырылып келеді. Оның аясында тарихи және мәдени нысандардың, сондай-ақ елді мекендердің аумағынан 12 мың тоннадан астам қоқыс шығарылған. Сонымен қатар, 100 мың шаршы метрден аса тұрғын үй аулалары мен 3 шақырымнан астам көше жолдары тазартылды.
Акцияға барлығы 110 мыңға жуық тұрғын, сондай-ақ 1 800-ге жуық кәсіпорын мен мекеме белсенді түрде қатысқан.
Жамбыл облыстық «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айбек Қадырәлиевтің айтуынша, жастардың қатысуымен республикалық автожолдардың бойынан 60 тонна қоқыс жиналып, қалалық саябақтар мен қоғамдық орындардан тағы 12 тонна қалдық шығарылған. Бұған қоса, табиғатты көгалдандыру мақсатында 12 мың түп ағаш отырғызылды.
– «Тазалық өз аулаңнан басталады» деген ұстанымды алға тарта отырып, жастар биыл көптеген игі бастамаларға атсалысты. Әрбір жастың экологиялық мәдениетін арттыру – біздің басты міндеттеріміздің бірі, – деді Айбек Қадырәлиев.
Жергілікті жастар енді экологиялық челленджге де үн қосып отыр: әрбір қатысушы өз ауласын тазалап, сол сәтті бейнеролик түрінде әлеуметтік желілерде бөліспек.

Leave A Reply

Your email address will not be published.