«Бейбітшілік пен келісім» жобасы Жамбыл ауданында

0 2

Этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған «Бейбітшілік пен келісім» жобасы Жамбыл облысында өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жолы жоба аясындағы кезекті кездесулер Жамбыл ауданының бірнеше ауылында өтті.

Бейбітшілік пен бірлікті нығайту мақсатында ұйымдастырылған шараға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев пен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева жетекшілік етті. Жұмыс тобы құрамында «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері, жергілікті билік өкілдері және әр сала мамандары болды.

Кездесулер Гродеково, Қызылқайнар және Бесағаш ауылдарында өтіп, оған құқық қорғау органдарының өкілдері, білім және жұмыспен қамту саласының мамандары, ауыл әкімдері, ақсақалдар мен аналар кеңестерінің мүшелері, жастар және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ардагерлермен жұмыс қызметінің басшысы Қайнар Байғабылов қатысушыларға жобаның негізгі мақсаттары мен міндеттерін таныстырды. Сондай-ақ ҚР Қарулы Күштеріне қабылдау қағидаларына енгізілген өзгерістер мен әскери қызметке шақыру мәселелері түсіндірілді.

Кездесулер ашық пікір алмасу форматында өтті. Тұрғындар өзекті мәселелер — жол, жарықтандыру, қоғамдық көлік және басқа да әлеуметтік тақырыптар бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Ұйымдастырушылар әрбір пікірдің назарға алынатынын және тиісті бағыттар бойынша түсіндіру және ақпараттық қолдау жұмыстары жалғасатынын атап өтті.

Жоба аясындағы мұндай кездесулер қоғамдағы өзара түсіністік пен сенімді арттыру, этносаралық келісімді сақтау және ел ішіндегі бейбіт өмірді берік етуге үлес қосуды көздейді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.