Жамбыл облысы: Қазақстанда жасанды интеллектіні құқықтық реттеу жаңа дәуірге бастайды

0 4

Қазақстанда технологиялық дамудың жаңа кезеңі басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні құқықтық реттеуге арналған заңға қол қойып, елдің цифрлық саясатын жаңа деңгейге көтерді. Бұл шешім Қазақстанның бүкіл аймақтарында, соның ішінде Жамбыл облысында да цифрлық трансформацияны жеделдететін стратегиялық қадам болып саналады.

ЖИ-дің маңызы Жамбыл облысында да артып келеді.

Соңғы жылдары жасанды интеллект экономикадан бастап, ғылым мен білімге, күнделікті өмірге дейін терең енді. Жамбыл облысында бұл бағыт білім беру, мемлекеттік қызмет көрсету және ауыл шаруашылығында белсенді қолданылуда. Мәселен, өңірдегі бірнеше мектепте және жоғары оқу орындарында ЖИ-ны оқу процесіне енгізу, мектептерде цифрлық сауаттылықты арттыру бойынша пилоттық жобалар іске асырылды.Жамбыл облысы үшін бұл заң жаңа мүмкіндіктер ашады: аймақ кәсіпкерлері мен стартаптар жасанды интеллектіні заңды түрде қолдана алады, ал мемлекеттік қызметтер автоматтандыру арқылы халыққа тиімді әрі ашық қызмет ұсынады.

Ал, ЖИ-дің құқықтық мәртебесі аймақ тұрғындары үшін нақты қорғалған.

Жаңа заң жасанды интеллектінің құқықтық мәртебесін алғаш рет нақты анықтап, қолдану тәртібі мен жауапкершілікті белгілейді. Енді:
• әзірлеушілер жүйенің сапасы мен қауіпсіздігіне жауап береді;
• жүйе иелері инфрақұрылымның тұрақтылығын қамтамасыз етеді;
• пайдаланушылар технологияны жауапты қолдануға міндетті.

Бұл ережелер Жамбыл облысында да ЖИ-дің қауіпсіз әрі сенімді қолданылуын қамтамасыз етеді.Жамбыл облысы үшін бұл заңның тағы бір маңызды аспектісі — этикалық нормалар мен ақпараттық қауіпсіздік. Deepfake технологиясы, жасанды дауыс немесе бейнені рұқсатсыз қолдану сияқты қауіпті құбылыстар заң аясында шектеледі. ЖИ арқылы жасалған контент міндетті түрде таңбалануы тиіс, ал жалған ақпаратқа жол берілмейді. Бұл аймақ тұрғындарының құқықтарын қорғауға және медиасауаттылықты арттыруға мүмкіндік береді.

Заң бойынша құрылған ұлттық жасанды интеллект платформасы Жамбыл облысында ғылыми зерттеулер мен IT-жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндік береді. Аймақ ғалымдары мен инженерлері өз идеяларын сынақтан өткізіп, стартаптар мен инновациялық жобаларды жүзеге асыра алады. Бұл өңірдің технологиялық дамуына серпін береді және Жамбыл облысын Қазақстандағы цифрлық хабтар қатарында көрсетуге үлес қосады.

ЖИ-дің көмегімен Жамбыл облысында мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру, деректерді тиімді пайдалану, халықпен цифрлық форматтағы қарым-қатынас жүйесін жетілдіру жұмыстары күшейеді.

Экономикада жаңашылдық күтіледі: кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы саласы деректерді талдау арқылы өнімділікті арттырады, инвестициялық климат жақсарады, өңірлік инновациялық кластерлер дамиды.

Жамбыл облысы үшін, бұл заң — тек технологиялық даму емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін стратегиялық бастама. Жаңа құқықтық база жасанды интеллектіні жауапты қолдануға, аймақтық стартаптар мен білім беру жобаларын дамытуға жол ашады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.