Білім — болашақтың кілті

0 14

Қазіргі заманда білімнің құндылығы артып келеді. XXI ғасыр технологиялар дамыған уақытта, заман күннен-күнге өзгеріп жатыр. Сол өзгерістер кезеңінде әр адамның болашағы оның алған білімімен тікелей байланысты.

Бүгінгі нарық жастардан жаңаша ойлауды, ақпаратты талдап, дұрыс шешім қабылдай білуді талап етеді. Сол себепті олар тек теориямен шектелмей, тәжірибе жинауға, жаңа тілдерді меңгеруге және технологияларды үйренуге ерекше мән береді.

Білім тек диплом алу үшін ғана емес, тұлға ретінде қалыптасу үшін де қажет. Қазіргі жастар өмірде көп таңдау бар екенін түсінеді және дұрыс таңдау жасау үшін өз пікірін қалыптастыруға тырысады. Бұл білім оларға тек теориялық емес, өмірде дұрыс таңдау жасауға және болашағын сенімді құруға көмектеседі.

Қазіргі жастар үшін білімнің ауқымы тек мектеп және университетпен шектелмейді. Олар онлайн курстарға қатысып, шет тілдерін меңгеріп, IT саласында білім алуға көңіл бөліп жатыр. Көпшілігі болашағын стартаппен бастау, шетелде білім алу немесе еркін форматта жұмыс істеу жоспарларымен байланыстырады. Бұл білімге деген қызығушылықтың бұрынғыдан да күшейгенін көрсетіп отыр.

Сарапшылардың пікірінше, білімге деген талап тек теориялық емес, экономикалық тұрғыдан да өзгеріп келеді. Мысалы, 2023 жылы Дүниежүзілік экономикалық форум жүргізген зерттеуде жастардың 54%-ы болашақ мамандығын таңдағанда университеттен гөрі цифрлық дағдыларды жоғары бағалайтыны анықталған. Қазақстандағы «Жастар зерттеу» институты 2024 жылы жүргізген сауалнамада қатысушылардың 68%-ы дәстүрлі оқу жүйесі қазіргі заман талабына толық жауап бермейді деген тұжырымға келген. Яғни, білімнің құндылығы тек диплом емес, жаңа жағдайға бейімделе алу қабілетімен өлшенеді.

Бүгінгі жастар үшін білім жай ғана оқу емес, болашаққа бастайтын үлкен мүмкіндік. Уақыт өзгерген сайын талап та өзгереді, сондықтан әр адам өзіне керек дағдыларды үйреніп, жан-жақты болуға тырысуы керек. Білім бізге дұрыс шешім қабылдауға, өз жолымызды табуға және армандарымызға жақындауға көмектеседі. Сондықтан болашақта өз орныңды табу үшін үздіксіз үйренуден, ізденуден қашпау қажет.

Баратова Айсұлу

Leave A Reply

Your email address will not be published.