Жамбылда диктант жазу сағаты өтті

0 44
8-11 сынып оқушылары мен колледж білімгерлері арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу сағаты өтті.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының ұйымдастыруымен Жамбыл облыстық Полиция Департаментінің 2026 жылғы 16 сәуірдегі №1-5/1-42/1944-И хатына сәйкес облыстың барлық білім беру ұйымдарында 2026 жылдың 20 мамырдағы 8-11 сынып оқушылары мен колледж білімгерлері арасында «Жайдарлы жазда – құқық бұзушылықсыз демалыс» тақырыбында жалпы облыстық диктант жазу сағаты өтті.
Білім беру ұйымдарында «Соңғы қоңырау» мерекесіне арналған іс-шараларды жыл сайын өткізу қарсаңында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін сақтау және олардың қатысуымен құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында өткен іс-шараға оқушылармен қатар техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері де белсене қатысты.
Білім алушылар құқық бұзушылықтардың алдын алу, түлектер мен олардың заңды өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ мерекелік іс-шаралар кезеңінде қоғамдық қауіпсіздіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырушылық және профилактикалық шаралардың маңыздылығын түсінді.
Диктант қорытындысы бойынша қатысушылар өздерінің сауаттылық деңгейін тексеріп қана қоймай, құқықтық тәртіптің тұрақты әрі өркендеген қоғамның негізі екенін тереңірек түсінуге мүмкіндік алды.
Жалпы облыстық диктантқа 56464 оқушы, 8018 студент қамтылды.
Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.