Облыстық «Аuyl-club» art-тимбилдингінде Таластықтар жоғары нәтиже көрсетті

0 38

Байзақ ауданында өткен облыстық «AUYL-CLUB» ART-тимбилдинг бағдарламасы аясындағы байқауда Талас ауданының мәдениет саласының қызметкерлері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберліктері мен шығармашылық әлеуеттерін жан-жақты танытты.

Іс-шара барысында аудандық мәдениет үйі мен ауылдық клубтардың меңгерушілері түрлі кезеңдер бойынша өзара бақ сынап, командалық үйлесімділік, ұйымдастырушылық қабілет және шығармашылық ізденіс тұрғысынан өз мүмкіндіктерін көрсетті. Қатысушылар барлық тапсырмаларды ұйымшылдықпен орындап, мәдениет саласындағы тәжірибелері мен тың идеяларын ортаға салды.

Талас ауданының мәдениет қызметкерлері ұлттық салт-дәстүр мен рухани құндылықтарды дәріптей отырып, заманауи мәдени бағыттарды үйлестіре білді. Шығармашылық бағдарламалар арқылы ауданның мәдени әлеуетін кеңінен насихаттап, өнер мен мәдениеттің дамуына қосып жүрген еңбектерін лайықты деңгейде паш етті.

Байқау қорытындысы бойынша таластық ұжым өзінің ұйымшылдығымен, шығармашылық белсенділігімен және кәсіби дайындық деңгейімен ерекшеленіп, облыстық деңгейде жоғары бағаланды. Бұл жетістік – мәдениет саласы қызметкерлерінің жүйелі еңбегі мен өз ісіне деген жауапкершілігінің нәтижесі.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.