Талас ауданында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетілді

0 53

9 мамыр – Жеңіс күніне орай, Талас ауданында тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіліп, мерекелік құттықтаулар табысталды. Аудан әкімінің орынбасары Дәулет Төлендіұлы тыл ардагерлері Сейтжапар Байжановтың, Малике Ділдәбекованың және Ализах Дүйсенәлиевтің шаңырағына арнайы барып, аудан әкімінің ыстық ықыласы мен мерекелік құттықтауын жеткізді.

Кездесу барысында тыл ардагерлерінің соғыс жылдарындағы қажырлы еңбегі мен елдің еңсесін көтеруге қосқан өлшеусіз үлесі ерекше аталып өтті. Майданды қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен және өзге де қажеттіліктермен қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығы бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізіне айналғаны айтылды.

Дәулет Төлендіұлы ардагерлерге ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық, отбастарына амандық пен бақ-береке тілеп, олардың ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолы кейінгі ұрпақ үшін әрдайым үлгі болып қала беретінін жеткізді.

Жеңіс күні – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын, батырлар мен тыл еңбеккерлерінің жанқиярлығын ұмытпай, оларға тағзым ететін қастерлі мереке. Талас ауданында ардагерлерге құрмет көрсету, олардың еңбегін дәріптеу бағытындағы игі дәстүрлер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.