Жамбылдық желаяқтар – жеңіс тұғырында

0 0

Жуырда ғана Өскемен қаласында жеңіл атлетикадан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты аяқталды. Аталған аламанға еліміздің 14 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан барлығы 149 спортшы қатысты. Байрақты додада жамбылдық желаяқтар да бақтарын сынады.

Нәтижесінде, Әулиеата өңірінің атынан барған 3 спортшы да бақтары да, баптары да келіскенін байқатып, жеңіс тұғырына көтерілді. Атап айтқанда, Светлана Голендова 200 метр қашықтыққа жүгіруден алдына жан салмай, 400 метрлікте күміс жүлдені қанжығалады. Сол секілді, жерлесіміз Михаил Красилов 3 шақырым қашықтыққа жүгіруде қарсыластарынан оқ бойы озып келіп, қоржынымызға тағы бір алтын салды. Ал, 1,5 шақырымдық жарыс жолында Михаил екінші нәтиже көрсетіп, тағы бір медальға қол жеткізді. Сондай-ақ, жамбылдық Дмитрий Иванчуков 2 шақырымға жүгіру жарысында өзгелерді шаңында қалдырып, І орын иеленді. 3 шақырым қашықтыққа жүгіруден жерлесіміз мәре сызығын екінші болып кесті.

Жамбылдық желаяқтарды жаттықтырған – облыстың аға жаттықтырушысы Зифа Галиулина.

Leave A Reply

Your email address will not be published.