Қарағанды облысында өгей әкесі үш жастағы баланы өлтірген болуы мүмкін

0 13

Қарағанды облысы, Балқаш қаласының тұрғыны бірге тұратын әйелінің баласын өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Today.kz.

«Екі баланың анасы вахтаға кеткен – бір күн істеп, екі күн демалады. Әдетте екі баласын әжесіне қалдырып кетеді екен, бірақ ол кісі ауырып қалып, балаларға келе алмаған. 13 жастағы қыз бен үш жастағы Матвей анасымен бірге тұратын ер адамның қасында қалған», – деді ақпарат көзі.

Қыз серуендеуге шығып кеткен, үйге келген кезінде дәліз бен үлкен бөлмеден қан көрген. Алдынан қолына қимылсыз жатқан Матвейді ұстаған еркек шыққан.

Қыз пәтерден қашып шығып, көшедегі адамдардан көмек сұраған. Оқиға орнына келген полиция күдіктіні ұстады.

«Полицияның оперативті қимылының арқасында күдікті тұтқындалып, изоляторға қамалды. ҚР ҚК 99 бабы «Кәмелеттік жасқа толмаған баланы қасақана өлтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді ақпарат көзі.

Матвей барып жүрген балаларды дамыту орталығының директоры:

«Матвейдің өлімі бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Ол біздің орталыққа екі айдай келіп жүрді, бірақ осы уақыт ішінде оны қатты жақсы көріп қалдық. Ол өте ақылды бала болатын. Ол толық үш жаста, наурыздың соңында төртке толар еді. Матвей өте белсенді, ширақ болатын. Таяқтың астында қалып, өлім құшатындай баланың не кінәсі бар еді? Ертең жаназасы болады, ұжым болып барамыз», – деді орталықтың басшысы.

Бала 27 ақпанда жер қойнауына тапсырылды.

Марқұмның 13 жастағы әпкесі куәгер ретінде түсініктеме бермек. Қатты күйзеліске түскен қызбен психолог жұмыс істеп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.