2017 жылдың желтоқсан айында БАҚ беттерінде Түрікменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Және тыйым салынарда әйелдердің көлік жүргізу куәліктерінің бар екені ескерілмегені белгілі болды. Сол сәттен бері «Альтернативные новости Туркменистана» басылымы бұл жағдайды жіті бақылап, әйелдерге, расымен де, көлік жүргізу куәліктерін ұзартпай отырғанын анықтады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі theopenasia.net сайтына сілтеме жасап.
Әйел адам не себепті мұндай тыйым салынып жатқанын анықтамақ болады. Нәтижесінде мұндай тыйымның ауызша салынып жатқаны белгілі болды. Ал кімнің ауызша тапсырма бергенін жол полициясы айтпаған.
«Сайттардан әйелдердің көлік жүргізу куәлігін тартып алып, көліктерін арнайы тұрақтарға апарып жатқандарын жиі оқып жүрдім. Басыма түспеген соң көпке дейін сенбей келдім. Тіпті, көпке дейін еш кедергісіз көлік жүргізу куәлігімді ұзарттым деп ойлап жүрдім. Қателескен екенмін», — дейді тағы да бір жүргізуші әйел.
Басқа дереккөздері мұндай жағдайда заңгерлердің көмегіне жүгініп көрмек болғандарын жазып жатыр. Бірақ, қорғаушылар билікпен арада кикілжің туындамауы үшін мұндай істерді қолға алудан қашып отыр. Тек кейбіреулері прокуратураға немесе сотқа жіберетін арызды дайындауға көмектесуге келіскен.
Естеріңізге сала кетсек, 2017 жылдың желтоқсан айында Мемлекеттік авто инспекция қызметкерлері әйелдерге көлік жүргізгендері үшін айыппұл салатындарын айтып, алдын ала ескерту жасай бастаған еді. Ал биылғы жылдың қаңтар айынан бастап әйелдердің көлік жүргізу куәліктерін тартып алып, автомобильдерін арнайы тұрақтарға жіберген.
Дереккөз: Baq.kz