Қазгидромет: Алдағы күндері қар аралас жаңбыр жауады

0 0

«Қазгидромет» РМК 3-4 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Алдағы күндері, яғни 3-4 наурызда Қызылордада, 4 наурызда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облыстарында жаңбыр мен қар жауады. Кей жерлерде жауын-шашын қалың түседі. Осыған байланысты қар еріп, мұз тоңы жібиді және өзендер тасып, жазық аумақта және таулы жерлерде су деңгейі көтерілуі мүмкін», — деп жазылған хабарламада.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.