Жыл басынан азық-түлік, көмір мен пойыз билеттері қаншаға қымбаттады

0 6

2018 жылғы қаңтар-ақпанда Қазақстанда инфляция 1,3 пайызды құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰЭМ Статистика комитетіне сілтеме жасап.

Баға азық-түлік тауарларына ағымдағы жылғы екі айда — 1,4, азық-түлік емес тауарларына — 0,8, ақылы қызметтерге 1,6 пайызға өсті. Ағымдағы жылдың басынан бағаның өсуі қиярға — 21,8, қызанаққа — 20,6, тәтті бұрышқа — 16,8, қырыққабатқа — 11,5, басты пиязға — 7,4, картопқа — 5,6, сәбізге — 3,8, консервіленген сүтке — 2, сары майға — 1,8, мәйекті ірімшікке — 1,7, жаңа сауылған сүтке — 1,4, қышқыл сүт өнімдеріне 1,3 пайызға белгіленді.

Бағаның төмендеуі қарақұмық жармасына- 9,5, құмшекерге — 1,4, жұмыртқаға, күрішке — 1,2, қара шайға — 1,1, құс етіне 0,8 пайызға тіркелді. Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге — 1,3, шыны және қыштан жасалған өнімдерге — 1, автомобильдерге, жуғыш және тазалағыш құралдарға, тұрмыстық аспаптарға, жеке қолданатын тауарларға, тоқыма бұйымдарына, жиһаз және үйге қажетті заттарға — 0,9, киім және аяқ киімге — 0,6, кітаптарға — 0,4, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 0,3 пайызды құрады. Баллондағы сұйытылған газ — 1,7, бензин — 1,2, тас көмір, дизель отыны 0,7 пайызға қымбаттады.

Баға деңгейі құқықтық қызметтеріне, көлiк құралдарын сақтандыруға — 6, мектепке дейінгі балалар мекемесінің қызметтеріне — 3, денсаулық сақтау — 1,9, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындарына — 1,8, қоғамдық тамақтандыруға — 0,4 пайыға артты. Қалаішілік автобуспен жол жүру ақысы — 3,1, қалааралық — 2,6, алыс қашықтыққа қатынайтын жолаушылардың теміржол көлігі — 0,7 пайызға қымбаттады, ал әуе көлігі — 4,1 пайызға арзандады.

Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер саласында тарифтер орталықтан жылытуға — 3,5, электр энергиясына — 3,4, ыстық суға — 3, қоқыс шығаруға — 2,5, тұрғын үйді күтіп ұстауға — 2, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға — 1,2, суық суға, кәрізге 0,8 пайыз жоғарылады.

Дереккөз: inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.