Паралимпиадада Қазақстан туын ұстайтын спортшы белгілі болды

0 0

Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін ХІІ қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан туын Қайрат Қанафин ұстап шығады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

42 жастағы петропавлдық механизатор 1997 жылы өндірістік жарақат алып, көру қабілеті бойынша 1 топтағы мүгедек болып тіркеледі. Оны жарыстарға гид-спортшы Антон Жданович алып жүреді. 2014 жылы Сочи Олимпиадасына қатысқан.

Атлет 2001 жылдан бастап Якушевтің жетекшілігімен, 2013 жылы Иван және Мария Дробязколардың жетекшілігімен жаттығады.

Қазақстан паралимпиада құрамасы қазір Талғар қаласындағы «Алатау» тау-биатлон базасында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Ел құрамасы 5 наурыз сағат 00.50-де Алматы әуежайынан Пхенчханға аттанады.

Еске сала кетсек, бұл ойындарда спорттың 6 түрінен 80 паралимпиада медалі сарапқа салынады. Қазақстандық паралимпиадашылар 2 спорт түрі, яғни шаңғы жарысы мен биатлоннан 9 лицензия жеңіп алды.

Дереккөз: Baq.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.