Эйр Астана жазғы жұмыс кестесіне көшеді және бұл уақыт аралығында Астана мен Алматыдан орындалатын ұшулар жиілігі ұлғаяды.
Астанадан Лондон, Киев, Омбы мен Үрімшіге бағытталған рейстер күн сайын орындалатын болады, сондай-ақ, апталық рейстердің саны Мәскеуге — 12, Санкт-Петербургке — 9, Бейжің мен Бішкекке – 5, Дели мен Тбилисге – 4 болып ұлғайтылады. Алматыдан Бейжің мен Тблисиге бағытталған рейстер күн сайын орындалса, оңтүстік астанадан орындалатын мына рейстердің бір аптадағы саны да арттырылады: Мәскеуге – 16, Санкт-Петербугке – 10, Киев пен Бішкекке – 9, Душанбеге – 5, Бакуге – 4, Гонконгке – 3.
Әуе компаниясы 26 наурыздан бастап Атырау — Франкфурт — Атырау, 2 маусымнан бастап Астана — Түмен — Астана, 3 маусымнан бастап Астана — Қазан — Астана жаңа рейстерін іске қосады.
Жаз маусымында «Эйр Астана» әлемнің 21 еліне, соның ішінде ТМД-ның бес мемлекеті (Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан) және Украина мен Грузияға рейстерін жалғастыра береді. Жекеменшік рейстер, 42 қалаға, оның ішінде, 30-ы шетел қалалары бағытында орандалатын болады.
Дереккөз: Baq.kz