«Ұлттың болашағы – тәрбиелі ұрпақтың қолында»

0 4
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында Жайлаукөл орта мектебі және С.Сейфуллин атындағы орта мектебі мектептерінде тағылымы мол ата-аналар форумы өтті.
Форумның басты мақсаты — отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайтып, ұлттық құндылықтарды бала тәрбиесінің өзегіне айналдыру.
Форум аясында ұлттық мұра мен рухани құндылықтарды дәріптеген көрмелер ұйымдастырылып, оқушылардың қолөнер туындылары, шығармашылық ізденістері мен зертханалық жұмыстары таныстырылды. Көрмеде ұсынылған әрбір жұмыс — ұлт мәдениетіне деген құрмет пен жас ұрпақтың білімге, өнерге деген талпынысының көрінісі болды. Ұлттық нақыш пен заманауи білім үндескен бұл шара көпшілікке ерекше әсер сыйлап, тәрбиенің терең мәнін айқындай түсті.
Форум соңында білім бөлімінің басшысы Ж.Жарықбасов бала тәрбиесіне белсене атсалысып, мектеп пен отбасы арасындағы байланысты нығайтуға үлес қосқан ата-аналарды алғыс хатпен марапаттады.
и ещё 10
0 4
Leave A Reply

Your email address will not be published.