Кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

0 4
Жиын аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрайымы Анар Ахметованың төрағалығымен ұйымдастырылды. Күн тәртібінде жалпы 6 мәселе қаралды.
Отырыста білім беру ұйымдарында мектеп бітіру іс-шараларын өткізу кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және оқушылар арасында келеңсіз жағдайларға жол бермеу мәселелері кеңінен талқыланды.
Атап айтқанда, мектеп бітіру кештерін шамадан тыс сән-салтанатпен өткізудің, заңсыз қаражат жинаудың, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында жүрудің, автокөлік кортеждерін ұйымдастырудың және қауіпсіздік талаптарына қайшы келетін өзге де әрекеттердің алдын алу бағытындағы жұмыстар қарастырылды.
Комиссия отырысына тиісті бөлімдер мен мекеме басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының директорлары қатысты. Жиын барысында ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын күшейту, мектеп түлектерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, профилактикалық рейдтік іс-шараларды ұйымдастыру және жауапты мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды арттыру бойынша нақты міндеттер жүктелді.
Сонымен қатар, білім беру ұйымдарына мектеп бітіру іс-шараларын талапқа сай әрі қауіпсіз форматта өткізу, оқушылар мен ата-аналар арасында жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.
Комиссия тарапынан берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.