Шымкентте балмұздақтан уланғандар саны 39-ға жетті: Төртеуі ауыр халде

0 6

Шымкентте балмұздақ жегеннен кейін жаппай улану фактілері тіркелуде. Кешеден бері облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына өткір ішек инфекциясымен 40-қа тарта адам түскен, деп хабарлайды  ҚазАқпарат.

Аталған аурухананың бас дәрігері Ғалымжан Айнабековтың айтуынша, науқастардың төртеуі ауыр халде жансақтау бөліміне жатқызылған. Барлығы да балмұздақты қаладағы бір орыннан сатып алған.

Пікір қалдырыңыз

Your email address will not be published.