Коммуналдық түбіртектегі артық бағанға алматылықтар ақша төлеп келген

0 0

Алматы қалалық Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы қала тұрғындарының құқығын қорғау жұмысы барысымен таныстырды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Басқарма басшысы Әнуар Өскенбаевтың айтуынша, ең алдымен коммуналдық қызмет түбіртегіндегі артық баған жойылған.

«Тұрғындардың құқығын қорғау шеңберінде коммуналдық қызметтерді төлеуге түбіртектердегі артық бағандар жойылды. Коммуналдық түбіртектерді басып шығарушы АЛСЕКО және АЕО компанияларының заңгерлік кеңес беру, бос жұмыс орындары туралы тағы басқа қосымша қызмет түрлерін қосқан. Көптеген тұрғындар оларды байқамастан төлеген. Ал бұл аз сома емес. Біздің араласуымыздан кейін түбіртектердегі қосымша бағандар алынып тасталды», — деді ол.

Айта кету керек, Алматыда 800-ден аса ПИК жұмыс істеп келеді.

Былтыр олардың 264-інің жұмысы тексеріліп, 221 ПИК басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.