Мәжіліс спикері Солтүстік Қазақстан облысы тұрғындарымен кездесті

0 4

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Солтүстік Қазақстан облысына сапары барысында бірқатар кәсіпорындарды аралап, еңбек ұжымдарымен кездесті,- деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Парламент Мәжілісінің сайтына сілтеме жасап.

Мәжіліс Спикері өңірдегі ең көне әрі ең ірі кәсіпорынның бірі Киров атындағы зауытта болып, оның «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алынған жаңа жұмыс бағытымен танысты. Еңбек ұжымымен жүздесу барысында Н. Нығматулин өндірісті жаңғырту маңыздылығын алға тарта келіп, Елбасы ұсынған әлеуметтік бастамаларға айрықша назар аударды.

«Жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша тағы 20 мың грант бөлінеді. Оның көбі техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге арналады. Бұл жоғары білім алудың қолжетімділігін арттырумен қатар, төртінші өнеркәсіптік революция жағдайында сұранысқа ие болатын жаңа мамандарды даярлауға жол ашады. Сонымен бірге, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін оңтайлы шешетін болады»,-деді.

Мәжіліс Төрағасының пікірінше, Парламент 15 шақты Заңдарға өзгерістер енгізбек. Олардың қатарында Азаматтық, Бюджеттік, Салық кодекстері, білім турасында, банк және төлемдер туралы заңнамалық құжаттар бар.

Сонымен бірге, 2019-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетті қарап, ағымдағы бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделіп отыр. Кездесу барысында ұжым қызметкерлері Елбасының әлеуметтік бастамалары жаңа серпін бергенін және зор сенім артып отырғандарын жеткізді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.