Таразда футболдан республикалық турнир өтті

0 1

Тараз қаласында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жапар Сауырғалиевті еске алуға арналған футбол фурнирі мәсересіне жетті. Бес күнге созылған жарысқа Қазақстанның 13 өңірінен келген барлығы 24 командадан 400 ге жуық спортшы қатысты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Жамбыл арнасына сілтеме жасап.

Қазақстанда балалар футболын дамытуға ерекше ат салысқан,  атақты спорт шеберіне арналған республикалық турнир «Тараз» футбол клубының қолдауымен өтіп отыр.

Жарыстың жабылу салтанатына «Тараз» футбол клубының директоры Қанат Мұсатаев пен Жапар Сауырғалиевтың зайыбы, туған –туыстары мен спорт ардагерлері қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша 2006 жылғы балалардан құралған командалар арасында 1 орын, «Тараз — 1» командасына, 2 орын «Атырау» командасына бұйырса, 3 орын «Оқжетпес» командасына бұйырды.

Барлық қатысушы балалар мен олардың бапкерлері бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздарын алды. Медальдар мен кубоктар табыс етілді.

«Бұл балалар футболын дамытуға көмектеседі. Осы алаңнан талай мықты футболшылар шықпасына кім кепіл», — деді «ТАРАЗ» ФК ДИРЕКТОРЫ Қайыржан АНДАБЕКОВ.

Leave A Reply

Your email address will not be published.