Қазақстанның оңтүстік өңірінде бұршақ жауып, жел соғады

0 0

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның үш облысында ескерту жариялады, — деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазгидрометтің болжамы бойынша, 4 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде бұршақ жауады; 4-6 сәуір аралығында Қызылорда облысының кей жерлерінде жай түседі.

Сондай-ақ, 4 сәуірде және 5 сәуір күні түнде Жамбыл облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде оның жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, екпіні 23-28 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде 4 сәуірде шығыстан соққан жел күшейіп, оның жылдамдығы 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с болуы ықтимал.

Leave A Reply

Your email address will not be published.