Таразда ерекше балалардың көрмесі өтті

0 2

Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында «Біздің ерекше балаларымыз» атты көрме өтті. Бұл шара «Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату» күніне орай ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Zhambylnews AA

Жамбыл облысында осындай дертке шалдыққан 78 бала бар. Олардың кедергісіз білім алып, əлеуметтік дамуына бар жағдай жасалуда. 2008 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көрмеге ерекше балалар мен олардың ата-аналары, педагог-психолог мамандар қатысты.Олармен қалай қарым-қатынас жасау, мәселені бірлесе қалай шешу, қоғамда толыққанды өз орнын табуда кездесетін қиындықтар туралы өзара пікір алмасты.
Әлемде 70 млн — ға жуық адам аутизм дертіне душар болған.

«Кейінгі кезде аутизммен ауыратын балалар саны күрт өсуде. Ғалымдардың айтуы бойынша, бұл дертті тудыратын 30-дан астам себептер бар. Әлемдік денсаулық сақтау мекемелерінің мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын орта есеппен алғанда аутизмі бар балалар саны 37 пайызға өсуде», — деді білім басқармасының бөлім жетекшісі Айгерім Иембердиева.

Leave A Reply

Your email address will not be published.