Тараз көшелерінде «ақылды» өткелдер салынады

0 0

Көшелерді жарықтандыру, жол белгілері мен бағдаршамдарды реттеу мәселесі — Тараз қаласында өзекті болып отыр. Көне қаланың көркі жайында біраз уақыт бұрын облыс әкімі А.Мырзахметов  қала әкіміне сын айтқан болатын, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Қазір осы бағыттағы жұмыстар атқарылып жатыр. Бейберекет қойылған жол белгілері мен бағдаршамдар жайында ақпарат беруге қала халқы көмек көрсетуде.
 Тараз қаласын­дағы 14 көше мен 84 көше қиылысын­дағы бағаналардың тозығы жеткен.

Жамбыл даңғылының бойын­да орналасқан 68 бағдаршамды  ауыстыруға 19 миллион теңге қаражат қарастырылатын болады. Орталық көшелер интеллек­туалды жаяу жүргіншілер өткелі­мен жабдықталып, бұқара­лық ақпарат құралдары мен әлеу­меттік желі арқылы көлік жүргізу­шілердің көлік ағынын азайтуға қатысты ұсыныстарына көңіл бөлі­неді.

Сонымен қатар қала көше­лерін­дегі жарнамаларды орналас­тыру ісіндегі жүйесіздіктерді рет­теумен айналысатын арнайы құры­лым пайда болуы мүмкін.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.