3-сәуір күні облыстық қазақ драма театрында Шона Смаханұлы атындағы «Күлеміз бе?» әзіл-сықақ байқауы өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
Облыстық деңгейдегі көңілді байқауға аудандардан барлығы 14 ұжым қатысты. Олар сықақшы Ш.Смаханұлының танымал шығармаларын сахналап, интермедия, скетч, этюд, иронияларды орындап, көрерменге күлкі сыйлады.
Танымал әзіл-сықақ театрларының репертуарларынан үзінділер келтіріп, түрлі қысқа әзіл-оспақтар көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдені Шона Смаханұлының жерлестері, Талас ауданының өнерпаздары иеленді.
Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Университетінің ұжымы 1-орынды, Жуалы мен Шу ауданының өнерпаздары екінші, үшінші жүлделі орыннан көрінді. Ал, Қордай ауданынан келген әзілкештер «Көрермен көзайымы» атанды. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы «» Ең үздік ансамбль» номинациясын алса, «Арнайы жүлдеге» Меркі өнерпаздары лайық деп танылды.