Қордай ауданындағы автомобиль жолдарының 84 пайызы жөндеуден өтеді

0 2

Бұл мәліметті  ӨКҚ алаңында өткен брифингте  Қордай ауданының  әкімі айтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Облыстық және аудандық маңыздағы жөнделге автожолдардың үлесі 2017 жылдың қорытындысымен 83,3 пайызды құрады, 2018 жылға бұл көрсеткіш 84 пайызға дейін жеткізу жоспарланғануда.

«Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша облыстық және аудандық бюджеттен 430590 мың теңге игеріліп,  маңызы бар автожолдарды қыс мезгілінде күтіп ұстау жұмыстарына 53037 мың теңге жұмсалған.

Бүгінгі таңда аудандағы жолды орташа жөндеу жұмыстарына 1442813 мың теңгеге жобалық — сметалық құжаттамалары әзірленіп, облыстық құрылыс және автомобиль жолдары басқармасына тапсырылған.

2018 жылға аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және елді мекендердің көшелерін орташа жөндеуге барлығы 197247 мың теңге жұмсалу жоспарланып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.