Бұл жайында ӨКҚ алаңында өткен брифингте Қордай ауданының әкімі мәлімдеді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.
2017 жылы пайдалануға енгізілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 56,5 мың шаршы метрді, нақты көлем индексі 148,1 пайызды құрап отыр.
Қазіргі таңда Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж азамат ретінде кезекте 1206 азамат тұр.
Бүгінгі күнге, бір 50 пәтерлік 5 қабатты тұрғын үй құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде.
2006 жылдан бері 12645 адам Қордай ауданы бойынша жеке тұрғын үй құрылысына жер алуға кезекте тұрған. 2017 жылы осы тұрғындарға жер учаскелері беріле бастады.
Қордай ауылындағы кезекте тұрған 6748 адамға жер учаскелерін беру үшін 2012 жылы бас жоспары әзірленіп, қосымша 1465 га жер телімі жаңа тұрғын алқаптарына бөлінген.