Тараз тұрғындарына ыстық су 16 маусымға дейін беріледі

0 3

Тараз қаласының тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау 30 сәуір мен 16 маусым аралығында жүргізіледі, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Жамбыл облысы әкімдігінің энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары  Н.Тілегенов ақпарат берді.

Н.Тілегеновтің сөзіне сүйенсек,  санитарлық нормаларға сәйкес Жамбыл облысы бойынша жылыту маусымы наурыз айының 31-нен сәуір айының 1-не қараған түні 00.00 сағатында, сыртқы ауаның орта-тәулік температурасының тұрақты +8 С болуына байланысты тоқтатылған.

Жылыту маусымның ұзақтығы 176 тәулік құрады, норматив бойынша 164 тәулік болу керек.

Энерготұтыну жүйелерінің жылыту маусымына дайындығы бойынша бекітілген ұйымдыстыру-техникалық іс-шараларына сәйкес 16 мен 29 сәуір аралығында жылу желілерін жөндеу және алдын-ала гидравликалық тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Тараз қаласының тұрғындарын ыстық сумен жабдықтау 30 сәуір мен 16 маусым аралығында жүргізіледі.

Ағымдағы жылы «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында Қойгелді-Қажымұқан көшелері қиылысынан Ниетқалиев көшесіне дейінгі алқапта, Абай-Дулати көшелері қиылысынан Комратова көшесіне дейінгі алқапта, Абай даңғылындағы түйісуі Абай даңғылы бойында, Төле би көшесінен Дулати көшесіне дейінгі алқапта жылу желілерін қайта жаңғырту жұмыстары басталады. Белгіленген кестелерге сәйкес қаланың кейбір бөліктерінде жөндеу жұмыстары аяқталған сон, ыстық су беріле бастайды.

30 сәуірден 29 қыркүйекке дейін 83 көп қабатты тұрғын үйлеріне: «Қаратау» мөлтек ауданы, «Қарасу» мөлтек ауданы, «Қарасу» массиві, «Сахпоселок» массиві тұтынушыларына ыстық сумен жабдықтау жұмыстары жоспарлануда.  Тұтынушыларды жылыту маусымына қосу үшін 29 қыркүйек пен 15 қазан аралығында тоқтатылады.

Бүгінгі күнге, отын энергетика кешені мекемелерінің тарапынан жазғы маусымда өткізілетін жөндеу жұмыстары мен іс-шаралар жоспары жасалып, бекітілген,- деп сөзін түйіндеді спикер.

Leave A Reply

Your email address will not be published.