Кәсіп түбі — нәсіп

0 7

Қой өсіріп, кәсіп бастаймын деушілерге мемлекет тарапынан түрлі қолдау бар. Мәселен, қазір қой шаруашылығын бастаймын дегенге «Алтын асық» бағдарламасы сеп болады. Мал басы санын көбейткен шаруалар үшін төленетін субсидия тағы бар. Бұл туралы «Zhambylnews» АА хабарлайды Jambyl телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

Меркі ауданындағы «Қасапхана» шаруа қожалығы мемлекеттік бағдарлама арқылы қой алып, бүгінде ет бағытындағы жұмыстарды жандардыру үстінде. Шаруашылықтың негізгі жұмысы ет өткізу болғандықтан қазіргі уақытта аудан орталығына жақын жерден мал бордақылау кешені салынды.

«Біз жаңадан жұмысты бастаған кезде талай қиындықтар болған. Бірақ, адал еңбектің арқасында аяқтан тұрдық. Қазір бірнеше адамды жұмыспен қамтып отырмыз», — дейді «ҚАСАПХАНА» ШҚ жетекшісі Нұрбол Шайхиев.

«Мал өсірсең қой өсір, өнімі оның көл көсір», — дейді шаруа. Өйткені, қой малы тез көбейеді әрі өнімді де көп береді. Мәселен, осыдан үш жыл бұрын 100 қойдан бастаған серіктестікте қазір мал басы саны 600-ден асып отыр. Бұл Меркі ауданы бойынша рекордтық көрсеткіш болып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.