Елімізде 130-ға жуық ұлт пен ұлыс болса, соның 76-сы Жамбыл облысында тұрады. Олардың барлығы 26 этномәдени бірлестікте бас қосып, Қазақстандағы бірлік пен татулықтың ерен үлгісін көрсетуде. Осы мақсатта кеше «Достық» үйінде ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен ашық есік күні өткізілді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Jambyl телеарнасының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ашық есік күнінде №34 орта мектептің оқушылары Достық үйінің жұмысымен танысты.
Республика бойынша 250 мыңдай ұйғыр болса, соның 3 мыңы Жамбыл облысында тұрады. Олардың барлығы Махмұт Қашқари атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінде мүше. Биыл осы бірлестіктің құрылғанына 25 жыл болды.
«Іс-шараның өткізілу мақсаты — бүгінгі өскелең жас ұрпақ бейбітшілікке, татулықта өмір сүрсін деген ниет», — дейді Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мұхаббат Тұрдиева.