Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты

0 2

Хабаровскіде Ми-8 тікұшағы құлап, 6 адам қаза тапты, — деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның мәліметінше, тікұшақ 11 сәуірде Мәскеу уақыты бойынша саға 4.30-да құлаған.

«Қаза тапқандардың денелерін анықтап, олардың туыстарымен психологиялық жұмыстар жүргізіледі», — деп жазады басылым өңірлік денсаулық сақтау министрі Александр Витькоға сілтеме жасап.

Сондай-ақ, тікұшақтың құлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылады.

«Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің тергеу органдарының қызметкерлері Ми-8 тікұшағының құлау дерегі бойынша РФ Қылмыстық кодексінің 263-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады», — делінген хабарламада.

Қылмыстық істі тергеу аясында тікұшақтың құлауына қатысты оқиғаның мән-жайы анықталатыны айтылады. Оқиға орнында жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.