Облыста 26 мәдени нысан салу қолға алынбақ

0 1

Өңір басшысы Асқар Мырзахметовтің төрағалық етуімен өткен кеңесте мәдениет нысандарын дұрыс пайдалану мәселесі қаралды, — «Zhambylnews» AA.

Қазір бұрынғыдай клуб немесе мәдениет үйі десе, ол тек мереке кезінде концерттер мен кездесулер ғана өткізетін орынға айналып барады. Сондықтан да, оны заманауи орталыққа айналдыру үшін облыстық мәдениет басқармасы тарапынан нақты ұсыныстар керек.

Жамбыл облысында әлі де 26 елді мекенге мәдениет нысандарын салу қажет. Енді оның құрылысын жүргізгенде сол ауылдың тыныс-тіршілігін, тарихын айқындайтын ақпараттар орналастырылады. Қазіргі мәдениет үйлеріндегідей оны тек қана үйірме өткізетін жер, кітапхана орналасқан нысан етпей, өзге де мүмкіндік ретінде қарастырылады.

Жиын соңында облыс әкімі жауапты тұлғаларға мәдени нысандар типіндегі көп салалы ғимараттар құрылысын жоспарлау, оларды пайдалануға берілген соң тиімді пайдалану тетіктерін тағы да мұқият қарастыруды тапсырды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.