Мөлдір Әуелбекова Алматыда басшылық қызметке тағайындалды

0 2

Эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова Алматыдағы «Қазақконцерт» бірлестігінің эстрада бөліміне басшы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» АА Baq.kz сайтына сілтеме жасап.

«Сүйінші! Халықаралық байқаулардың лауреаты, күміс көмей әнші Мөлдір Әуелбекова «Қазақконцерт» бірлестігіндегі эстрада бөлімінің бастығы болып тағайындалды. Мөлдір ханым, қызмет құтты болсын. Шығармашылық табыс тілеймін», – деп жазды Айдар Қырықбай өзінің Facebook парақшасына.

Желі қолданушылары әншіні жаңа қызметімен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.