Мұнайдың әлемдік бағасы құбылып тұр

0 5

Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы әртүрлі бағытта өзгерді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA  ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Сауда нәтижесі бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,3 долларға көтеріліп, бір баррель мұнайдың бағасы 73,78 долларға жетті.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 0,18 долларға төмендеп, бір баррельдің бағасы 68,29 доллар болды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.