Исландияда аса ірі тонауды ұйымдастырушы Синдри Тор Стеффансон 17 сәуірде елдің оңтүстігіндегі түрмеден қашып кеткен, — деп хабарлайды euronews.
Ол криптовалюта майнингіне арналған 600-ге жуық компьюттерді ұрлауға күдікті деп танылып қамауға алынған болатын. Ұрланған құрылғы құны 20 млн долларды құраған.
Стеффансон алдымен түрмеден небәрі 100 шақырым жердегі Кеблавик халықаралық әуежайына жеткен. Артынша Icelandair әуе компаниясының рейсімен Стокгольмге тартып отырған.
Артынан белгілі болғандай, сол рейсте швед астанасына сапармен бара жатқан Исландия премьер-министрі Катрин Якобсдоуттир де болған.
Екі елдің полицейлері қашқынның қолға түсеріне сенімді. Бірақ оны іздеу мүмкін аптаға, айларға, тіпті жылдарға да созылуы ғажап емес.
Әзірге Стеффансонның ұшақ бортына қалайша тап болғаны түсініксіз. Тергеушілер билет жалған құжат арқылы сатып алған деген болжам жасап отыр.