Мүмкіндігі шектеулі 100 мыңға жуық жеткіншек 2020жылы инклюзивті біліммен қамтамасыз етіледі

0 6

Мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі 100 мыңға жуық жеткіншек 2020 жылы инклюзивті біліммен толық қамтамасыз етіледі, — деп хабарлайды «Zhambynews» AA Қазақстан арнасына сілтеме жасап. 

Қазіргі меже 55 пайыздан әрі аспайды. Бұл туралы аталған тақырып төңірегінде өткен халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда мәлім болды. Салаға жауапты мамандардың айтуынша, балабақша мен шағын орталықтардағы көрсеткіш айтарлықтай төмен.

Мәселен, жеті жасқа дейінгі әлжуаз 43 мың баланың тек 15 проценті ғана осы біліммен қамтылған. Бүгінгі жиында сарапшы-ғалымдар мен министрлік өкілдері инклюзивті білім беруді дамытудың жолдарын қарастырып, әлемнің үздік тәжірибелерін саралады.

«Білім саласын дамыту бағдарламасы бойынша 2019 жылы мектептеріміздің 70 пайызы, балабақшалардың 30 пайызы осындай балаларға жағдай жасауы керек»,- деді  Әйгерім Күдеринова, ҚР БҒМ Инклюзивті және арнайы білім беру басқармасының басшысы.

Leave A Reply

Your email address will not be published.