Жапонияның Кирисима тауында жанартау оянды

0 8

Жапонияның Кагосима және Миядзаки префектураларының шекарасындағы Кирисима тауында жанартау оянды, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA Қазақстан арнасына сілтеме жасап. 

Биіктігі 1298 метрлік вулкан 250 жылдан бері алғаш рет белсенділік танытып, көкке түтін мен күл шашып жатыр. Осыған байланысты Ұлттық метеорологиялық басқарма төтенше жағдай аумағында 5 балдық қауіптіліктің үшінші деңгейін жариялаған. Және де бұл жанартаудан екі шақырым алыс жүруге кеңес берілді.

Ал, жергілікті билік жағдайды қадағалауда ұстап, қажет болса, адамдарды құтқару үшін шара қолдануға әзір. Жалпы, Жапонияда 110 белсенді вулкан бар. Олардың 47-і — тәулік бойы бақылауда.

Leave A Reply

Your email address will not be published.