Әлемдегі ең қарт бойдақ 122 жасында қайтыс болды(ВИДЕО)

0 11

122 жасында өмірден озған қария ешқашан үйленбеген.

Әлемдегі ең қарт адам — Чили азаматы Селино Вильануэва Харамильо 122 жасқа қараған шағында қайтыс болды.

Харамильо өкпесіне келген зақымнан көз жұмды. Бір апта бұрын ол керуеттен құлап, үш қабырғасын сындырған. Оның біреуі өкпесіне қадалыпты.

Қарияға шұғыл операция жасап, жансақтау бөлімшесіне жатқызған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қаламыз деп ойлаған, бірақ әлемдегі ең қарт адам көп ұзамай өмірден озды.

Харамильо 1896 жылы 25 шілдеде дүниеге келіпті. Бірақ бұл ақпаратты растайтын ресми құжаттар сақталмаған. Ол ешқашан үйленбеген және ешбір туысы жоқ.

Дереккөз: КТК 

Leave A Reply

Your email address will not be published.