Бразилияда тұтқындарды қамаудан босатып жатыр

0 18

Бразилияда тұтқындар қамаудан босатылып жатыр, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz cайтына сілтеме жасап.

Бұған түрмелердің жазасын өтеп жатқандарға лық толуы себеп. Сотталғандарға абақтыларда орын жетпей жатқандықтан, қылмыскерлердің көбін мерзімінен бұрын бұғаудан босату қолға алынып отыр.

Онсыз да қылмыстық ахуалы оңбай тұрған қаскөйлерді мерзімінен ерте босату жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін. Мұндай қадам қаскүнемдерге еш алаңсыз өз ісін жалғастыруға кедергі болмасы анық.

Жордана де Паула, адвокат:

«Бұл мәселе турасында жұрттың уайымдауы орынды. Онсыз да адамгершіліктен жұрдай қылмыскерлерді мерзімінен бұрын босатса, олар жазаға тартылмайтынына сеніп, тіпті шектен шығып, заңды белден басатыны белгілі».

Алайда билік халықты сабырға шақырып отыр. Айтуынша, қылмыскерлерді босатқанмен, электронды білезік кигізіп, олар жіті қадағаланып отырмақ. Заң бұзғандарға өз тұрғын жайынан шығуға және бұрынғы сыбайластарымен тікелей байланыс орнатуына тыйым салынады. Мерзімінен бұрын босатылғандар арнайы құжатта жазылған заң ережелерін сақтауға міндетті. Егер аталмыш заңның қандай да бір тармағын бұзса, қылмыскерді қайтадан қамауға алады.

Изабелла Виейра Перейра, түрме қызметкері: 

«2015 жылы Санта-Катарина прокуроры түрмелерді кеңейтуге бағытталған реформаны ұсынған болатын. Реформа жасалғанмен, қылмыскерлер саны да күн санап өсіп келеді. Сондықтан да түрмені кеңейту арқылы осы өзекті мәселені шеше алмайтынымызға көзіміз жетті».

Абақтыға жеткізілген қылмыскерге орын табылмаса, ол 72 сағат бойы күтуі керек. Егер басқа түрмелерде орын босай қалса, сол жерге жіберіледі. Осыған дейін де Бразилия үікметі жазалау жүйесіне жаңашылдық енгізуге тырысқан еді. Сондай-ақ бірнеше жыл бұрын қылмыскерлерге кітап оқып, жаза мерзімін қысқартуға мүмкіндік берген болатын. Оқыған әрі кітабі үшін жаза мерзімі төрт күнге қысқарып отырған. Қылмыскерге бір жылда 12 кітапқа дейін оқуға рұқсат берілген. Алайда қылмыскерлердің көбісі сауатын арттыруға ниет білдірмепті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.