Химиялық қаруға тыйым салу ұйымының мамандары Дума қаласына барып, осы қарумен шабуыл жасалды деген аумақтардың үлгілерін алып қайтты, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA 24kz cайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы ұйымның баспасөз қызметі хабарлады. Мәлімдемеге қарағанда, алынған айғақтар Голландияның Ресвейк қаласындағы зертханаға жөнелтілген.
Еске сала кетейік, сәуірдің 7-сі күні Сириядағы үкіметтік емес ұйымның бірі әскерилердің Дума қаласында химиялық қару қолданғаны туралы хабарлады. Дегенмен сәуірдің 13-і күні Дамаск қаласына келген мамандар қауіпсіздікке байланысты 1 аптаға жуық Дума қаласында тергеу жүргізе алмады.