Салымшылармен байланыс орнату өз нәтижесін бере бастады — БЖЗҚ

0 8

БЖЗҚ мамандары өзін-өзі қамтамасыз ететін қазақстандықтарды зейнетақы жинақтау жүйесіне тарту мәселелері туралы айтып берді, — деп хабарлайды «Zhambylnews» AA ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

2018 жылдың ақпанынан бастап, БЖЗҚ өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтармен жұмысты жақсарта бастаған. Ол үшін ай сайын белгіленген мөлшерлемеде қаржы салынбай жатқан жекелеген салымшылармен жұмыс істейтін арнайы топ құрылған. Нақты тексеру барысында 2015 және 2017 жылдар аралығында ашылып, бүгінгі күнге дейін салым салынбаған жеке шоттар анықталған. Сонымен қатар, соңғы жылда қаржы түспеген шоттар да назарға алынған.

«Ағымдағы жылдың бірінші жартысында 325 мың салым иесін қамту көзделген. Ал соңғы екі айда 71 мың салымшымен байланыс орнатылды. Телефон арқылы байланыс орнатудың нетижесі бойынша жоғарыда көрсетілген салымшылар санының 25 пайызы, яғни, 17 750 азамат Қорға келіп, кеңес алған. Ал оның 14 пайызы (9 789 азамат) бүгінгі күнге дейін салым салып үлгерген», — дейді «БЖЗҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева баспасөз мәслихатында.

Басқарма төрағасының айтуынша, сауалнама нәтижесі бойынша байланыс орнатылған азаматтардың 68 пайызы жұмыссыз, ал оның 15 пайызын өзін-өзі қамтамасыз ететін азаматтар құрайды. Еліміздегі экономикалық белсенді құрамды зейнетақы қорын толықтыруға тарту үшін осы бағыттағы жұмыс жалғасын табады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.