«Ренжімесін…». Сағадиев ұстаздар үстемақысын неге алалап беріп жатқанын түсіндірді

0 16

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 2018 жылдың 1-қаңтарынан үстемақы алуы тиіс ұстаздарға ақша қалай төленіп жатқанын түсіндірді.

Бұл туралы Sputnik.kz хабарлады.

«Мына жәйтті түсіндіргім келеді. Мұғалімдер жалақысын толық алуы үшін біз бүгін Мәжілісте талқылап, мақұлдаған заңды (2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер – автор ескертп.) қабылдауымыз керек. Енді ол Сенатқа жолданады.

Заң күшіне енгеннен кейін, бізде бюджеттік өзгерістер болады. Республикалық бюджет мұғалімдердің жалақысына қарастырылған қаржыны жергілікті бюджеттерге аудара алмайды. Қазір бізде қаржыны республикалық бюджеттен жергілікті бюджетке аударуға негіз жоқ.

Бірақ соған қарамастан біз президенттің тапсырмасын орындауды кешіктірмеудің жолын таптық. Сөйтіп  жергілікті атқарушы органдардан, яғни әкімдіктерден ақшаны өз резервінен төлей тұруды өтіндік», — деді министр.

Сағадиев ол қаражат кейін әкімдіктерге қайтарылатынын атап өтті.

«Әкімдіктердің көбісінде қаражат бар екен, олар қаңтардан бастап өз міндеттемелерін орындауға кірісті. Себебі олар ол ақшасын республикалық бюджеттен қаржы бөлінгенде қайта қайтарып ала алатындарын түсініп отыр. Бірақ кейбір әкімдікте қаражатқа байланысты қиындықтар бар болып, ақша бірыңғай қолға тимей жатыр. Не де болса 1-қаңтардан бастап үстемақы алуы тиіс барлық мұғалімге ақша төленетінін баса айтқым келеді», — деп сендірді Ерлан Сағадиев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.