Ақтөбеде бизнесіне қомқорлық үшін жеке кәсіпкерден пара алған полицей ұсталды. Бұл туралы брифинг барысында ҚР ІІМ ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Ақтөбеде облысытық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері қамқорлық үшін жеке кәсіпкерден пара алып жатқан уақытта Елек ауданының жергілікті полиция қызметінің басшысы Н. Алдамжаровты ұстады», — деп атап өтті Садубаев.
Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі терге жүргізіліп жатыр.